Арал аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Маржан сөз, қоңыр үн» атты аудандық концерт жүргізушілер байқауы өткізілді. Қатысушыларға қойылған басты талап - сыр - сымбаты сахнамен үйлесім тауып, сөйлеу мәдениеті жоғары, дауыс ырғағының анық болуы. Байқауға қатысушылар үш шарт бойынша өнер көрсетті.
Аталмыш сайысқа Арал индустриалды - техникалық колледжінен №131 топ білім алушысы Серіков Досымжан қатысып, үздік өнер көрсетіп алғыс хатпен марапатталды. Ал шәкірт дайындап қатыстырғаны үшін жетекшісі Қонысбайқызы Айнагүл алғыс хатпен марапатталды.