Арал индустриалды-техникалық колледж білім алушыларына облыстық прокуратураның тапсырмасына сәйкес есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында әлеуметтік желіде жарияланған «Закладка» деректі фильмі көрсетіліп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өмірден алынған, әр кейіпкердің шынайы тағдыры туралы түрлі оқиғалар баяндалған фильм біраз нәрсені түсіндірді.