Қазіргі кездегі адамның аурулары, ең алдымен, оның қалыптасқан өмір сүру сипаты мен мінез-құлқына байланысты. Қозғалыс белсенділігінің азайынуына, артық немесе жеткіліксіз тамақтануына, маскүнемділіктің, темекі шегудің, нашақорлықтың, соз аурулары, ЖИТС өсуіне және т.б жағымсыз құбылыстардың туындауына себеп болды. Бұл факторлардың көпшілігі, таралуы бойынша, халықты еңбекке қабілеттілігінің нашарлауы мен өлім –жітімі жағынан алдыңғы орындардың бірін алатын, жүрек-қан тамырлары аурулар дамуының қауіп-қатер факторлары болып табылады. Колледж студенттеріне қазіргі уақытта денсаулыққа мән беру қажеттілігі мен жеке бас гегиенасы туралы директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Жұмаева, колледж педагог-психологы А.Кенжебаева, колледж аяжаны -А.Қосымбаева түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

