Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Арал индустриалды-техникалық колледж қызметкерлері түнгі рейдке шығуда. Жергілікті полиция инспекторларымен бірлесе отырып жүргізілген түнгі рейд жұмыстары 13 ақпан күні де жалғасты.
Рейдтік шара барысында жастар мен жасөспірімдер жиналатын орындар мен адамдар көп шоғырланатын жерлерді аралау жұмыстары қамтылды. Сондай-ақ көшеде жүретін жастарға түн мезгілінде жүрудің қауіптілігі туралы түсіндірілді.