«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Оқу жылының алғашқы күнінде аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Сермағанбетов Алма Амангелдіқызы және учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Тлеулесов Бақытқан Қуанғанұлы колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз орта құру. Полиция қызметкерлері студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылықтың салдары мен оны болдырмау жолдары жөнінде кеңінен әңгімеледі.