2025 жылдың ақпан айының 20 жұлдызында Арал индустриалды - техникалық колледжінде арнайы пән оқытушысы Л.Ибрагимованың жетекшілігімен №136 топ “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандығының білімгеріАлмағанбет Ақнұрдың“Белдемше түрлері” тақырыбында өзін- өзі басқару сабағы өтілді.Белдемше - әйелдер киімінің маңызды бөлшегі. Ол әр түрлі стильдер мен үлгілерде келеді.Белдемшенің бірнеше түрлері бар:
1. А - силуэтті белдемше - бұл белдемше белде кеңейіп, төмен қарай таратылған модель. Бұл үлгі барлық дене түрлеріне үйлесімді келеді.
2. Тұрақты белдемше - оның төменгі бөлігі кеңейіп, тікелей түседі. Сән әлемінде ол классикалық болып саналады.
Белдемше туралы көптеген қажетті мағлұматтар берілді. Сабақты қорытындылау кезеңінде білімгерлер шар ішіне жасырылған сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында “Мен кіммін?”атты сергіту сәті ұйымдастырылды. Білімгерлер сабаққа белсене қатысып, қызығушылықтарын танытты.