2025 жылдың 3 қарашасында Арал индустриалды - техникалық колледжінде «Білім мен технология - болашақтың кілті» атты жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы аясында физика пәнінің оқытушысы Г.Бердімұратованың жетекшілігімен «БҰЛ ФОКУС ЕМЕС, БҰЛ - ФИЗИКА» атты танымдық тәжірибелер ұйымдастырылды.
Мақсаты: білім алушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру арқылы табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын ашып, қолдана білуге үйрету.
Қызықты тәжірибе барысында әрбір білім алушы тапқырлығымен, іскерлігімен танылды. Олар физикалық заңдылықтарға сүйене отырып, тәжірибе нәтижелеріне түсіндірме жасады.
Жас ұрпақтың бойында ойлау мәдениетін қалыптастырып, ғылыми ізденісті тудыратын мұндай жұмыстар апта бойы жалғасатын болады.


