«Шебер қол-сенімді жол» атты онкүндік аясында «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Токарлық іс» (түрлері бойынша) мамандықтарының әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бүгінгі оқушы- ертеңгі маман» тақырыбында мектеп оқушыларын кәсіптік білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Арал аудандық Ұзақбай Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясы 9-сынып оқушылары қатысты. Бірлестік мүшелері Арал индустриалды-техникалық колледжінің базасындағы білім беру бағыттары мен мамандықтарының ерекшеліктері туралы толық ақпарат берілді. Кездесу соңында оқушылар өздерінің мамандық таңдауға қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, техникалық білімнің болашақтағы маңызын тереңірек түсінгендерін жеткізді. Мұндай іс-шаралар жастардың болашақ мамандықты саналы таңдауына жол ашып, техникалық және кәсіптік білімге деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.
Болашақ – білікті маманның қолында. Осындай кездесулер мектеп оқушыларына колледж табалдырығын аттамас бұрын, өз қабілеттерін анықтап, дұрыс бағыт табуға көмектеседі.

