2026 жылдың 3 сәуірінде «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен
«Тігін өнері - талғаммен табыс бастауы» атты апталық өз мәресіне жетіп, салтанатты жабылу кеші өтті.Кеш барысында бірлестік жетекшісі Исанова Бақыттың жетекшілігімен «Стиль дегеніміз не?» тақырыбы кеңінен ашылып, қатысушыларға стильдің мәні мен маңызы терең түсіндірілді.Әсіресе, стиль түрлеріне ерекше назар аударылып, классикалық, спорттық, романтикалық, кэжуал және ұлттық стильдер таныстырылды.
Әр стильдің өзіндік ерекшеліктері көрсетіліп, заманауи сәнмен байланысы шебер үйлестірілді.Сонымен қатар, арнайы пән мұғалімі Ибрагимова Ләззаттың ұйымдастыруымен танымдық ойындар өткізіліп, «Подиум» ойыны қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Бұл сәтте студенттер өздерін нағыз сәнгер ретінде сезініп, шығармашылық қабілеттерін еркін көрсете білді.Апталық білім мен тәжірибеге толы, мазмұнды әрі қызықты өтті.
Қатысушылар өз талғамдарын дамытып, сән әлеміне деген көзқарастарын кеңейтті.
Сән - тек киім емес, ол - өзін-өзі таныту өнері!

