2025 жылдың 7 - 20 маусым аралығында Арал индустриалды - техникалық колледжінің "Сән технологиясы" құзыреттілік орталығы базасында ауданымыздың технология пәні мұғалімдері үшін кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған (80 сағаттық) тағылымдама өткізіліп жатыр.
Тағылымдаманың мақсаты - мұғалімдердің тәжірибесін жаңарту, сән технологиясы саласындағы жаңа әдістер мен құралдарды меңгеру.
Қатысушылар колледждің тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлерінен сабақтар алып, заманауи жабдықтармен жұмыс жасауды үйренуде.
Бұл - шығармашыл және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жасалған маңызды қадам!


