Алғыс – адамды адам ететін қасиет, ал ризашылық – рухани байлықтың белгісі.
Алғыс айту күні – бұл ризашылықтың, бірліктің, адамгершіліктің мерекесі. Бұл – өткенге тағзым, бүгінге шүкіршілік, болашаққа сенім білдіретін ерекше күн.
Осы ерекше күнді атап өтуге Руханият орталығында жастарға бағыт –бағдар беретін, өз еңбегімен жетістікке жеткен, ауданымыздың мақтаныштарымен Аудандық жастар ресурстық орталығы мен Арал индустриалды –техникалық колледжі «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» атты еркін кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесу кешінің қонақтары:
«Арал-Ас» шығармашылық тобының жетекшісі, жайдарманшы – Төребек Әділбекұлы Дәрмағанбетов
Жас кәсіпкер, жас ана, блогер – Айдана Шынболатқызы Абубакирова
Аралас жекпе-жектен 2 дүркін әлем чемпионы, әмбебап жекпе-жектен жеке бапкер – Фараби Болатұлы Сауытбаев
Кездесу барысында кеш қонақтарына түрлі сұрақтар койылып, жағдаяттардан шығу, тәжірибелік шеберліктерін байқау мақсатында түрлі тапсырмалар берілді. Қонақтармен студенттер арасында еркін таныстық көпірі орнады.
«Алғыс бар жерде – береке бар,Арман бар жерде – болашақ бар!»- дегендей кеш конақтарына сыйлықтар тапсырылып, естелік суретке түсірілді.

