2025 жылы 24 мамырда Арал индустриалды - техникалық колледжінде «Ата - ананың міндеті - бала тәрбиесі» тақырыбында жасөспірімдер тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі және колледжбен байланысын нығайту мақсатында жалпы ата - аналар жиналысы болып өтті.
Колледж директоры Р.Айназаров жиналыстың күн тәртібі бойынша білім алушылардың ішкі тәртібі, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері туралы хабарлама жасады. Жиналысқа Арал аудандық прокуратурасының аға прокуроры Жанесова Ақмарал Оңталапқызы - Ата - ана міндеті, әкімшілік құқық бұзушылық туралы;
- Арал ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Бодыбаев Ерболат Ермекбайұлы - Әскерге бару(шақыру 18 - 27 жас), әскери қызмет, отбасы, денсаулық, білім туралы;
- Арал аудандық прокуратурасының аға прокуроры Зияу Нұрмағанбет Амангелдіұлы - алаяқтар құрбаны, нашақорлық, құмар ойындары туралы;
- Арал аудандық наркологияк кабинетінің фельдшер - наркологі - Сәлімбаев Данияр Қайратұлы - ішімдік, есірткі туралы;
- Арал аудандық наурухана акушер - гинекологы - Имжанова Мульдир Сарсембаевна - ерте жүктілік туралы баса назарда айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай - ақ жиналыс барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының іс - жоспары таныстырылып, күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ата - аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.
Осы тұста ата - ана Аймурзаев Досым - Бала тәрбиесі ата - ана үшін күрделі де жауапты іс. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, ата - анасына, құрбы - құрдастарына, олардың іс - әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне, сонымен қатар ұстаздарына байланысты. Сондықтан бәріміз бірге елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, кісінің ала жібін аттамайтын иманды азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет -, деп өз ойын ашық білдірді.
Жиын барысында колледж директоры Р.Айназаров барлық білім алушылар оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларында қарастырылған білім алуға қатысты барлық тапсырмаларды бекітілген уақытта орындауға міндетті екендіктерін және орнатылған көлемде шәкіртақы алып жүргендерін, алайда сабаққа уақытында келмей, жақсы оқу нәтижесін көрсете алмаған жағдайда шәкіртақы төленбейтіндігін түсіндіріп берді..
Жиын соңында колледж басшысы жасөспірімдер тәрбиесі мен болашақ маман даярлауда ата - аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.