«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Үстіміздегі жылдың 2-ші қарашасында колледжішілік «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа Арал аудандық прокуратураның прокуроры - Нұртазаев Нұрсұлтан Нұрлыбекұлы, Арал АПб ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция лейтенанты - Омаров Тұрар Сабитович, колледж директоры - Айназаров Раким Утемуратович қатысты.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағат 22-00-ден кейін ата-анасыз жүруге, топқа бірігіп ойын - сауық ұйымдастыруға, жеңіл автокөлктер басқаруға тыйым салынады.

Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасаған жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы туралы, адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән - жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлатылған мән - жайларда бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату, ұрлық және зорлық - зомбылық үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын алға тартып түсіндірме жұмысын жүргізді.

Жалпы құқықбұзушылықтықтың орын алуы себебі, балаға дұрыс қадағалаудың жоқтығынан болады.

Әрбір ата-ана! Оқушылардың жүріс - тұрыс тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізетінін естен шығармаған жөн.