Арал индустриалды - техникалық колледжі білімгерлері аудандық сотта өткен қылмыстық іс бойынша ашық сот процесіне қатысып, заң саласының жұмыс барысын өз көздерімен көріп тың тәжірибе жинақтады.
Шынайы сот процесіне куә болу - заң талаптарының орындалуын, адам құқықтарының қорғалуын және сот дәлелдеу механизмдерінің маңызын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. Бұл іс - шара колледж студенттерінің сауаттылығын арттырып, заң алдында жауапкершілікті терең сезінуіне себеп болды. Колледж студенттерінің айтуынша, бұл тәжірибе олардың құқық пен әділдік ұйымдарына деген көзқарастарын түбегейлі өзгертіп, өмірлік маңызды тұжырым жасауға көмектеседі. Осындай тағылымды кездесулер болашақта адал азамат, құқықты құрметтейтін тұлға қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.

