Құрметті, жас талапкер! Арал индустриалды-техникалық колледжіне құжат тапсыру мерзімі 2023 жылдың 20 маусымынан басталады. Егер өз-өзіңізге сенімді, экономикаға тиімді мамандық таңдай білсеңіз, колледждің қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттарды тапсыруларыңыз қажет.
- Құжаттарды қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
- Білімі туралы құжаттың тұпнұсқасы( негізгі білім туралы куәлік;
орта білім туралы аттестат);
- 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
- 075-У нысанындағы медициналық анықтама( № 031-У нысаны бойынша І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық - әлеуметтік сараптама қорытындысы);
- Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса);
- Жеңілдік растайтын құжат (жеңілдігі болса);
- Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарын жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.