Арал индустриалды-техникалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары студенттері арасында «Сән технологиясы» мен «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреттілігі бойынша WorldSkills кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Салтанатты шараны Арал ауданы әкімінің орынбасары Бержанов Кете-Төлеби Досымжанұлы ашып облыстық чемпионаттың білікті кадрлар даярлау жолындағы маңыздылығын айтып, қатысушы студенттерге сәттілік тіледі. Бұл жобаның жастарға берілген мол мүмкіндік екені айтылған шара өнерпаздардың мерекелік концертіне жалғасты.
WorldSkills – жас кадрларды кәсіби деңгейде даярлап шығуға бағытталған жоба. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға және шеберлік дағдыларын дамытуға арналған кәсіби шеберлік конкурсы.
Аймақтық чемпионатта «Сән технологиясы» және «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреттілігі бойынша 21 қатысушы бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!!