«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арал аудандық сотында Облыстық білім басқармасы «Заң және тәртіп» қағидатты аясында жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, дропер, интернет алаяқтық және нашақорлық, алкогольді ішімдіктерді тұтыну сияқты өзекті мәселелерге тоқталып, қайталануын болдырмау бағытында Арал индустриалды - техникалық колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Арал аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергенов студенттерге соттың құрылымын, негізгі қызмет бағыттарын және сот төрелігінің қағидаттарын түсіндіріп өтті.

Студенттерге сот отырыстарының өткізілу тәртібі, оларға электрондық сот ісін жүргізу тәртібі және сот қызметкерлерінің міндеттері мен жұмысының ерекшеліктері жөнінде ақпарат берді.

Кездесу барысында студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.