«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылғы 02 сәуір күні «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» әдістемелік бірлестігі апталығы аясында өндірістік оқу шебері К.Алиеваның жетекшілігімен ІІ курс студенттеріне "ТРЕНДТЕГІ ЖАҒАНЫҢ ТІГІЛУІ МЕН ПІШІЛУІ" атты шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағаттың мақсаты: білім алушыларға трендтегі жаға түрлерін таныстыра отырып, олардың пішімін дұрыс жасау, матаны тиімді қолдану және жағаны технологиялық талаптарға сай тігу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шеберлік сағаты аясында матаны тиімді қолдану, түстер үйлесімі мен пішімін сақтау сияқты технологиялық талаптарға сай көптеген әдіс-тәсілдер көрсетілді. Сабақ соңында білім алушылар көрсетілген тәжірибеге сүйене отырып қазіргі таңда қыздар арасында сұранысқа ие болған трендтегі жаға тігудің жолдарын үйреніп шықты.