2026 жылғы 31 наурыз күні «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында мектеп оқушыларының қатысуымен шеберлік сағаты өткізілді. «ТІГІН ӘЛЕМІНЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» тақырыбында өткізілген шара бірлестік жетекшісі Б.Исанованың жетекшілігімен Арал қаласындағы №220 мектептің 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.
Шеберлік сабағына қатысушылар ең алдымен колледждің «Сән технологиясы» құзыреттілік орталығы және тігін шеберханасы жұмысымен танысып шықты. Келесі кезекте олар тігін машиналарының түрлерімен таныса отырып, өндірістік оқу шеберінің мұқият бақылауымен, тігін машинасын сабақтаудан бастап тігіс түрлері мен матаға ауыстыру және бұйымдар дайындауда қолданылатын бірегей тігіс түрлерін үйрену кезеңдерінен өтті.
Бұл үдеріс жастардың еңбекке деген құрметін арттырып, тігін өнеріне қызығушылықты қалыптастыру жолындағы маңызды тәжірибе болды. Сондай-ақ бұл сабақ жастардың болашақ мамандыққа деген ынтасын арттырып, өзін-өзі дамытуға мотивация берді.

