«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2025 жылғы 23 желтоқсан күні Арал индустриалды - техникалық колледжінің білім алушылары арасында «Ақындар жырлаған туған өлке» тақырыбында танымдық кеш болып өтті. Мақсаты: Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту, поэзияға, туған жерге, еңбек адамына деген құрметті арттыру, білім алушылардың көркем сөз оқу, сахналық мәдениетін дамыту.

Теңіздей терең ой, толқындай сырлы жыр қалдырған ақын мұрасы - ұрпаққа аманат екендігін колледж оқытушылары Г.Баймағамбетова мен И.Нұрболатова дәлелдеу барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолдарымен таныстырып өтті. Колледж кітапханашысы Г.Бүркітова еңбек пен ерлікті, теңіз бен тағдырды, адам мен заман шындығын жырына арқау еткен қаламгер еңбектерінен «Теңіз жыршысы - Әбу Сәрсенбаев» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, тағылымды мағлұматтар берді

Танымдық сабақ соңында білім алушылар ақын жырларынан үзінділер оқып, жырларынан еңбек адамының бейнесін, туған жерге деген махаббатты көре білді.