Білім күніне орай колледж білім алушыларына «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Студенттерге адалдық, еңбексүйгіштік, табысқа жетудің әділ жолдары туралы түсінік беру. Еңбек пен табыстың арасындағы байланысты ұғындыру. Адалдық қасиеттерін өмірде қолдануға баулу.
Сабақ барысында топ жетекші: «Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады» дей келе, "Адал", "еңбек", "табыс" сөздеріне ассоциация жасатып, тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап алынды және үш топқа бөлініп, тапсырмалар орындады.
Студенттерді осы құндылықтарды күнделікті өмірде қалай қолдануға болатыны туралы өмірден алынған мысалдар келтіре отырып ойлануға шақырды.
«Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады... Адалдық біздің жан дүниемізден басталады.»- деген сөздермен тәрбие сағатын қорытындылады.

