«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Наурыз мерекесін , ұлттық дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарды мерекелеу мақсатында 14 - 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі жарияланып, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау жоспарланған болатын. 

Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықты ашуға бағытталған. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, терең  мән -мазмұнға ие болды.

Осындай мерекенің бірі 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай, Арал индустриалды-техникалық колледжінде ұлттық спорт жарысы өткізілді.  Дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары К.Байқазақова, Е.Махамбетжанов, Қ.Құдайбергенов, Ө.Айпатшаевтың ұйымдастыруымен  өткізілген жарыста ұлттық ойынның арқан тартыс, бес тас, асық ату, гір тасын көтеру түрлерінен жарыс өткізілді. Студенттер арасында өткізілген жарыс нәтижесінде  белсенді қатысушылар марапатталды.