Қадірлі әріптестер, ардагер ұстаздар қауымы! Сіздерді 2 қазан – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен және Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі кәсіби мерекеде сіздер тек білім беруші ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырушы ретінде бағалануға тиіссіздер. Себебі бүгінгі ұрпақтың жаңа дәуірге дайын болуы – Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі.
Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті білікті мамандарды даярлайтын маңызды құрылымға айналды. Сондықтан колледждер кәсіби кадрларды даярлап қана қоймай, жастардың жан-жақты дамуына, еңбек нарығында өз орнын табуына кең мүмкіндік береді.
ТжКБ қызметкерлерінің еңбегі – еліміздің өркендеуіне қосылған өлшеусіз үлес. Жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін, кәсіби құзыреттілігін арттырудағы қызметтеріңіз әрдайым зор құрметке лайық. Сіздердің жыл бойы атқарған қажырлы еңбектеріңіз әр оқушының келешегін жарқын, колледждің мәртебесін көтереді.
Құрметті ұстаздар, баршаңызға шығармашылық табыс, қажымас жігер, мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз!


