«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Арал индустриалды-техникалық колледжінде 2026-2027 оқу жылының басталуына және 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараның алғы сөзін колледж директоры Айназаров Раким Өтемұратұлы алып, студенттер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Өз сөзінде оқытушылар құрамы мен колледж білім алушыларына жаңа жетістіктерге ұдайы ізденісте болуға тілектестігін білдірді.
Аталмыш жиынға Арал аудандық «Мансап» орталығының директоры Алдашев Жадырасын Темірханұлы, сондай-ақ колледж ардагерлері Рысбаев Алмас Тулеевич пен Князбаева Сәнімкүл апай қатысып, кәсіптік білімнің өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңыздылығына тоқталып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Жиын барысында кәсіптік білім беруді дамытуға үлес қосып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп жүрген колледж қызметкері Рекешов Жәнібек Облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасымен марапатталды.
Көңілді әуенмен сүйемелденгген шарада оқытушылар құрамы мен колледж қызметкерлеріне жаңа оқу жылында шығармашылық ізденіс, кәсіби жетістік және толағай табыс тілектері білдірілді.
Жиыннан соң топ жетекшілері колледж білім алушыларына Білім күніне арналған кураторлық сағаттар өткізді.