1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Арал индустриалды-техникалық колледжінде «Қарттарым асыл қазынам» атты тағылымды шара өткізілді. Аталмыш шараға өмірлік тәжірибесі мен даналықтары жас буынға әрдайым үлгі-өнеге болған сала ардагерлері шақырылды. Бұл мерекелік сәтте колледж директоры Р. Айназаров білім саласында саналы ғұмырын өткізген ардегерлерге арнап мерекелік құттықтау лебізін жеткізді. Сөз барысында олардың көп жылғы тынымсыз тірлігі мен елге сіңірген еңбегі айтылып, ерекше құрмет көрсетілді. Сондай-ақ осы күнге орай ұйымдастырылған іс-шара аясында сый-сыяпаттар табыс етілді.
Ардагерлерімізге көрсетілген бұл құрмет – өткенге тағзым, болашаққа аманат. Олар бізге тек еңбек үлгісі ғана емес, өмірлік тәжірибе мен тәрбие мектебі.
Қадірлі адагерлер, сіздердің ел дамуы жолындағы еңбектеріңізге тағзым ете отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық тілейміз!


