Аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан сүбелі үлесіне алғыс білдіріп, қамқорлық көрсететін атаулы күн қарсаңында кәсіподақ ұйымы ардақты ардагерлерді, қазыналы қарияларды мерекемен құттықтау үшін Арал индустриалды- техникалық колледіне шақырды.
Дана халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Бүгінгі ардагерлер - еліміздің қалыптасып, дамуына қалтқысыз қызмет еткен еліміздің алтын қазынасы. Ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтап, ардагерлерді ардақтау, олардың ерен еңбегін елеп, құрмет көрсету - колледж кәсіподағының қалыптасқан даңқты дәстүрі. Облыстық кәсіподақтың бастамасымен еңбек өтілі 40 жылдан жоғары колледж ардагері Ібірашев Сайын ағайымызды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Бисембаевтың Алғыс хатымен марапаттау колледж ұжымына үлкен мәртебе.
Ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасына амандық, бақ-береке тілейміз! Бейнеттің зейнетін көріп, ұрпақ қызығына кенеле беріңіздер!