14 - 16 қазан күндері Өскемен қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында салалар бойынша жұмыс берушілермен бірлескен республикалық кәсіптік шеберлік форумы» болып өтті.
Осы ауқымды жиын шеңберінде кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылып, Арал индустриалды - техникалық колледжінен НУРМАНОВ НАЗАРБЕК компатриот - сарапшы ретінде қатысты.
Елдің әр өңірінен келген мамандар тәжірибе бөліскен байқау бірнеше құзыреттілік бойынша өткізілді. Жоғары еңбек мәдениеті мен кәсіби шеберлігі нәтижесінде «Дәнекерлеу ісі» (сварочное дело) құзыреттіліген колледждің өндірістік оқу шебері КУНЫЖАНОВ ЖЕҢІСБЕК «ҮЗДІК МАМАН» номинациясын жеңіп алды.

