«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, Арал индустриалды - техникалық колледж кітапханасынде «Кітапханаға кітап сыйла!» атты дәстүрлі акция өткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Кітапхана - мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей - жай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек», - деп атап өткен болатын.

Бұл акция кітапхана қорын байыту және оқырмандарды кітап оқуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылатын шара. Осы арқылы кез келген азамат өзінің жеке қорындағы кітаптарын кітапханаларға сыйға тартып, білім мен мәдениеттің дамуына үлес қосады.

Сыйға тартылған кітаптар оқу залындағы арнайы кітап бұрышына қойылды. Колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Л.Ибрагимованың жетекшілігімен №136 “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” тобы студенттері мен «Жастар ұйымының» мүшелері Е.Күнжанов, Е.Абдуулаев, Қ,Құдайбергенов және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Г.Мирманова сыйлаған кітаптар колледж кітапханасының қорын толықтырды. Кітаптарды қалың көпшілікке сыйға тарту - рухани байлық сыйлаумен тең. Кітап оқу, кітап сыйлау үрдісі - адамзат қоғамымен бірге жалғасын таба береді.