«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Әріптесіміз «Үздік оқырман -2026» байқауының бірінші кезеңінде жүлдегер атанды Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру, кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «ҮЗДІК ОҚЫРМАН- 2026» облыстық байқауына Арал индустриалды-техникалық колледжінің қызметкерлері де қатысты. Байқаудың бірінші кезеңі №1 қалалық кітапханада өткізіліп, қатысушыларға белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» кітабы бойынша тест тапсырмалары ұсынылды. Сайыскерлер шығарманың мазмұны мен кейіпкерлері, сондай-ақ автордың көркемдік ерекшеліктері бойынша білімдерін сарапқа салды. Байқау қорытындысы бойынша әріптесіміз ЕРМАҒАНБЕТОВ ТАЛҒАТ ӨТЕГЕНҰЛЫ БАС ЖҮЛДЕ иеленіп, байқаудың екінші кезеңіне жолдама алды! Бұл – кітапқа деген сүйіспеншілік пен ізденістің ерекше көрінісі.Кітап оқып, білім көкжиегін кеңейтіп, жүлдегер атанған әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы кезеңде де сәттілік серігі болып, жаңа жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!