«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
 
09 қараша күні топ жетекшісі Гүлзада Қуанышқызының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Таза Қазақстан: тазалыққа жауапкершілік – елге деген әділ көзқарас» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға 141-топтың «Автомобиль жөндеу слесарі» мамандығы бойынша білім алушылары қатысып, мешіт ауласын тазалау жұмыстарына өз үлестерін қосты. Білім алушылар аумақтағы қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтіріп, қала тазалығына жанашырлық танытты.
Аталған шара қараша айының «Әділдік және жауапкершілік» құндылығымен және аптаның «Тура биде туған жоқ!» дәйексөзімен үндеседі. Себебі ортақ кеңістікті таза ұстау – әр азаматтың міндеті. Тазалықты сақтауды өзімізден бастау – жауапкершілік пен әділдіктің күнделікті өмірдегі көрінісі.
Білім алушылар игі іс арқылы туған қаласына деген қамқорлығын көрсетіп, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын іс жүзінде дәлелдеді. Жастардың еңбегіне ризашылығын білдірген мешіт имамы батасын беріп, оқуларына сәттілік тіледі. Бұл жылы лебіз білім алушыларға үлкен қолдау болып, шараның тәрбиелік мәнін арттырды.