Арал индустриалды-техникалық колледжінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын ілгерілетудің өңірлік іс-шара жоспарына сәйкес жас экологтардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыру және өз қаласының экологиясын жақсартуға бағытталған идеяларды қолдау мақсатында «Менің қаламның экологиялық болашағына қосқан үлесім» тақырыбында жас экологтар байқауы өткізілді. Бірнеше бағыттан тұратын байқауға колледждің 2-курс білім алушылары қатысып, экологиялық түйткілдерді шешуге арналған өз жобаларын ұсынды.
Студенттердің жобаларын анықтап, оларға қолдау көрсетуге негізделген сайыста «Жасыл қала» және «Қалдықсыз өмір және ресурстарды үнемдеу» бағыты бойынша ерекше жобалар таныстырылып, жеңімпаздар анықталды.

