«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 21 наурызда Түркістан облысының жұртшылығымен кездесу барысында Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын кеңінен насихаттау, ұлы тұлғаға арналған кітаптар шығару, фильмдер түсіру және барлық өңірде оның бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқулар ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
Осы тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында №141топ білім алушыларымен «Қожа Ахмет Ясауи – руханияттың шамшырағы» тақырыбында деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Деректі фильмді көрсетудің мақсаты - ұлы тұлғаның өмірі мен өнегесін таныту, рухани мұрасының тәрбиелік мәнін түсіндіру.
Іс-шараға директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.К.Жұмаева, арнайы пән оқытушысы Ж.К.Кыркабакова және топ жетекшісі Г.Қ.Қуанышова қатысты.
Көрсетілімнен кейін білім алушылар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, Ясауи мұрасының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын талқылады. Адалдық пен әділдікті ұстану, адамдарға жанашырлық таныту, кішіпейіл болу, еңбекті бағалау және рухани тазалықты сақтау құндылықтарына назар аударылды.
Тағылымды шара жастарды ұлы тұлғаның өнегесінен үлгі алуға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және ұлттық рухани мұраны құрметтеуге үндеді.