«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

15-16 қазан күндері Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында көлік саласы бойынша өткен облыстық байқау Арал индустриалды-техникалық колледжі үшін қуанышты жаңалықпен аяқталды.

Екі күнге созылған кәсіби байқауда өзінің біліктілігін, педагогикалық тәжірибесін және шығармашылық ізденісін жоғары деңгейде көрсете білген колледждің өндірістік оқыту шебері РЕКЕШОВ ЖӘНІБЕК жүлделі ІІІ ОРЫНДЫ иеленді.

Бұл жетістік — кәсіби шеберліктің, тынымсыз еңбек пен тәжірибені  жетілдірудің нәтижесі.

Сонымен қатар, аталған іріктеу байқауға колледждің арнайы пән оқытушысы АБДУЛЛАЕВ ЕРКЕБҰЛАН САРАПШЫ ретінде қатысып, байқаудың кәсіби деңгейде өтуіне өз үлесін қосты.

Әріптестерімізді мерейлі сәттерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық жетістіктер тілейміз!