2026–2027 оқу жылына арналған «Отанды қорғау – қасиетті борыш, спорт жеңіске бастар жол» атты дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында, Республика күні мерекесіне орай «Жас сарбаз – ел болашағы, Отан қорғаны» тақырыбында «Үздік жас сарбаз» сайысы өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, әскери қызметке қызығушылығын қалыптастыру, шымырлыққа, ептілікке, батылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сайыс барысында білім алушылар өздерінің саптық дайындығын, әскери тәртіпті сақтауын, дене дайындығын, ептілігі мен шапшаңдығын, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық пәні бойынша алған білімдері мен дағдыларын көрсетті. Қатысушылар тапсырмаларды орындау кезінде ұйымшылдық пен командалық рух танытып, өзара бәсекелестікте жоғары белсенділік көрсетті.
Іс-шара барысында білім алушыларға Отан қорғаудың қасиетті борыш екендігі, әскери қызметтің маңызы, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық жауапкершілік туралы түсінік берілді.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен білім алушылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

