«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
19–23 қазан аралығында колледжімізде Дене тәрбиесі және Алғашқы әскери дайындық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отанды қорғау – қасиетті борыш, спорт – жеңіске бастар жол!» атты апталық өткізіледі.

Мақсаты: білім алушылардың салауатты өмір салтын ұстануға қызығушылығын арттыру, дене шынықтыру мен спорттың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру, отансүйгіштік, тәртіптілік, жауапкершілік, батылдық және командалық рух қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар, алғашқы әскери дайындық пен дене тәрбиесі арқылы жастардың физикалық дайындығын жетілдіріп, әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту, рухы мықты, дені сау, белсенді азамат тәрбиелеу.
Апталық барысында ұлттық спорт ойындары, шағын футбол жарыстары, әскери-патриоттық сайыстар, экскурсиялар және түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!