2026 жылғы 9–13 қараша аралығында Арал индустриалды-техникалық колледжінде «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» және «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» мамандықтарының әдістемелік бірлестігі ұйымдастыруымен «Металдан – мықтылық, еңбектен – шеберлік» атты апталық өз жұмысын бастады.
Апталықтың мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденісі мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
Апталық аясында ашық сабақтар, тәжірибелік сайыстар, өндіріс орындарына танымдық экскурсиялар, тимбилдинг және түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, білім алушылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік берілді.
2026 жылғы 10 қараша күні 07320100 – «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы «Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша №135 топ білім алушыларына «Кірпіш және табиғи тас түрлері, олардың қасиеттері» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Ермағамбетов Талғат Өтегенұлы ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларға кірпіш және табиғи тас түрлері, олардың қасиеттері мен ерекшеліктері туралы толық түсінік қалыптастыру, құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерін ажырата білуге үйрету.
Сабақ барысында білім алушылар кірпіштің негізгі түрлерімен, табиғи тастардың ерекшеліктерімен, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерімен танысты. Сонымен қатар құрылыс материалдарының қолданылу салалары қарастырылды.
Сабақта заманауи оқыту әдістері, көрнекі слайдтар мен схемалар тиімді қолданылып, білім алушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға және болашақ құрылысшы маман ретінде жауапкершілігін қалыптастыруға басымдық берілді.
Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, білім алушылардың кәсіби білімін тереңдетуге және құрылыс саласына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Білім – болашақтың іргетасы, ал сапалы құрылыс – кәсіби шеберліктің нәтижесі!
«Кім жылдам, кім шебер» практикалық сайыс сабағы
2026 жылғы 12 қараша күні апталық жоспарына сәйкес №135 топтың «Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша білім алушылар арасында «Кім жылдам, кім шебер» тақырыбында практикалық сайыс сабақ өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты – білім алушыларға кірпіш қалау жұмыстарының технологиялық ретін меңгерту, құрылыс құралдарын тиімді пайдалануға үйрету, жұмыс барысында сапа талаптарын сақтауға дағдыландыру және кәсіби шеберліктерін практикалық тапсырмалар арқылы жетілдіру.
Сайыс барысында білім алушылар өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, ұқыптылығын және кәсіби дағдыларын көрсетіп, өзара бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Жалғасбекұлы Ернұр
ІІ орын – Сайланов Ерасыл
ІІІ орын – Дәрменқұлов Нұрбақыт
Сонымен қатар, сайысқа белсенді қатысқан өзге де білім алушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Осындай практикалық сайыстар білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, болашақ маман ретінде еңбекке деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

