Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 21 наурызда Түркістан облысының жұртшылығымен кездесу барысында Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын кеңінен насихаттау, ұлы тұлғаға арналған кітаптар шығару, фильмдер түсіру және барлық өңірде оның бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқулар ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
Осы тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс - шаралар жоспары аясында топ жетекші Перизат Абжамиқызының ұйымдастыруымен №145 «Электргазымен дәнекерлеуші» топ білім алушыларымен «Қожа Ахмет Яссауи – рухани мұрамыздың темірқазығы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Алдымен ұйымдастыру кезеңі жүргізіліп, студенттерге сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылды. Ақпараттық бөлімде Қожа Ахмет Яссауидың өмірі мен шығармашылығы, «Диуани хикмет» еңбегінің тәрбиелік мәні туралы түсіндірілді. Іс - шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмаева Назира, арнайы пән оқытушысы Кыркабакова Жанна қатысты.
Келесі кезеңде студенттер топтық жұмыс орындап, хикмет үзіндісін талдады және адамгершілік қасиеттер туралы өз ойларын ортаға салды. Одан кейін Curipod платформасында интерактивті тапсырмалар орындалып, студенттердің тақырып бойынша білімдері тексерілді. Сабақ соңында тақырып қорытындыланып, студенттерге кері байланыс беріліп, белсенділіктері бағаланды. Тәрбие сағаты өз мақсатына сай өтіп, студенттерді адамгершілікке, ізгілікке және ұлттық рухани мұраны құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.

