Аудандық ІІБ қызметкерлері колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алдын ала ескертпелер жасады.
Құрметті студенттер!
Өз қауіпсіздігіңізге бейжай қарамаңыз! Әрбір әрекетіңіз бен қабылдаған шешіміңіз өз болашағыңызға әсер етеді. Бос уақытты тиімді өткізіп, жақсы орта қалыптастырып, бір-бірімізге құрметпен қарайық.
Жанжалға араласпай, қиын жағдайды ушықтырмай, мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз. Қауіп төнген жағдайда жалғыз қалмай, дер кезінде көмек сұраңыз.
Тәртіп – мәдениеттіліктің белгісі, жауапкершілік – азаматтық ұстанымның негізі.
Бір-бірімізді қолдап, қауіпсіз әрі жайлы колледж ортасын бірге қалыптастырайық!
Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және салауатты орта қалыптастыру мақсатында төмендегі талаптарды сақтауды сұраймыз!
- Алаяқтық әрекеттерге жол бермеу;
- Темекі өнімдерін қолданбау;
- Алкогольдік ішімдіктерді пайдаланбау;
- Топтық төбелес пен жанжалға қатыспау;
Белгіленген мекенжайдан тыс жерде себепсіз жүрмеу.
Кез келген келеңсіз немесе қауіпті жағдай орын алған жағдайда жауапты тұлғаға дер кезінде хабарласыңыз.

