«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
2026 жылдың 30 қазан күні «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында колледжімізде «Берекелі, мерекелі Алтын күз» атты колледжішілік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара «Күзгі асар» жәрмеңкесімен бастау алды. Жәрмеңке барысында студенттер өздерінің шығармашылығын, шеберлігін, тапқырлығы мен еңбекқорлығын паш етіп, қаржылық сауаттылықтарын дамытуға мүмкіндік алды.
Мерекелік бағдарлама «Күзгі атмосфера» тақырыбындағы Алтын күз кешімен жалғасты. Шараның мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өнерге деген қызығушылығын арттыру, өзара сыйластық пен достықты нығайту.
Топтар «Шабыт Expressoсы», «Күзгі Dessert», «Күзгі сән Podiumы» кезеңдері бойынша өзара бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – №138 топ, ІІ курс, «Бағдарламалық қамтамасыз ету»
І орын – №145 топ, І курс, «Электргазымен дәнекерлеуші»
ІІ орын – №144 топ, І курс, «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы»
ІІІ орын – №140 топ, ІІ курс, «Модельер-пішуші»
Номинациялар бойынша:
«Күзгі жәрмеңкенің жұлдызы» – №131 топ, ІІІ курс, «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы»
«Күзгі фантазия» – №134 топ, ІІІ курс, «Автомобиль жөндеу слесарі»
«Ең креативті дастархан» – №139 топ, ІІ курс, «Электргазымен дәнекерлеуші»
«Күздің үздік бренд жасаушысы» – №142 топ, ІІ курс, «Токарь»
«Күзгі WOW эффект» – №146 топ, І курс, «Автомобиль жөндеу слесарі»
Күз – берекенің бастауы, еңбектің жемісі, молшылықтың белгісі. Әрбір жас өрен адал еңбегімен биіктерді бағындырып, армандарына қол жеткізсін! Білімдері тереңдеп, өнерлері өркендеп, болашақтары жарқын болсын!
Алтын күз құтты болсын! Берекеміз артып, мерекеміз жалғаса берсін!