Тақырыбында тәрбиелік кездесу өтті Арал индустриалды-техникалық колледжінде I курс білім алушыларымен «Деструктивті діни ағымдардың теріс әсері» тақырыбында тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің құрметті қонағы — Арал аудандық орталық мешітінің наиб имамы Кеңесханов Нұржан Кеңесханұлы. Кездесу барысында білім алушыларға деструктивті діни ағымдардың жеке адамға, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері, діни сауаттылықтың маңызы, интернеттегі күмәнді ақпараттан сақтану жолдары және заң талаптарын құрметтеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, дұрыс ақпарат көздерін таңдауға және қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың маңызын түсінуге бағытталды. Діни сауаттылық — саналы таңдау мен қауіпсіз болашақтың негізі! Іс-шараны ұйымдастырушы: №144 топ жетекшісі Ж. Кыркабакова. 145 топ жетекшісі П. Қанатова 146 топ жетекшісі Г. Адай 147 топ жетекшісі Л. Ибрагимова


