Бүгін №144 топ білім алушыларымен колледжіміздің ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, ақ тілектерін тыңдап, батасын алдық. Ардагер ұстаздарымыздың жүріп өткен жолы, еңбегі мен өмірлік тәжірибесі – кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Үлкенге құрмет көрсету, олардың ақыл-кеңесін тыңдау – ұлттық тәрбиенің маңызды бөлігі. Кездесу барысында білім алушыларымыз ардагерлерге ізгі тілектерін білдіріп, алғыс айтып, жүрекжарды баталарын алды. Ақ батамен басталған әрбір іс берекелі болсын! «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы бұл тағылымды кездесу білім алушыларға үлкенді сыйлау, еңбекті бағалау, ізеттілік пен адамгершіліктің маңызын ұғындырды Ұрпақтар сабақтастығы – өткенді құрметтеп, болашаққа жол көрсету! Ұйымдастырушы Ж. К.Кыркабакова

