«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

29.09.2026 жылы қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Қанатова Перизат Абжамиқызы №146 «Автомобиль жөндеу слесарі» біліктілігі бойынша білім алатын топта "Абай Құнанбайұлының он жетінші қарасөзі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушыларға Абай Құнанбаевтың «Қара сөздеріндегі» он жетінші қара сөзі таныстырылып, ақыл, қайрат, жүрек ұғымдарының мәні мен өзара байланысы түсіндірілді. Сабақ аралас түрде, Gemini, Claude.ai, Brisk Teaching және Curipod цифрлық платформаларын тиімді пайдалану арқылы өткізілді. Сабақтың басында білім алушылардың назары сергіту тапсырмалары мен еңбекқорлыққа байланысты мақал-мәтелдер арқылы сабаққа бағытталды. Curipod платформасындағы «Ой шақыру» әдісі арқылы студенттер сабақ тақырыбын болжап, өз ойларын ортаға салды. Жаңа материалды меңгеру кезеңінде он жетінші қара сөздің мазмұны талданып, Ақыл, Қайрат, Жүрек және Ғылым бейнелерінің ерекшеліктері анықталды. Студенттер топтық, жұптық және жеке жұмыстар орындады. Топтық жұмыста Ақыл, Қайрат, Жүрек топтары мәтіннен дәлелдер тауып, постер қорғады. Жұптық жұмыста үш қасиеттің адам өміріндегі маңызы талқыланып, өз пікірлерін дәлелдеді. Жеке жұмыс барысында Brisk Teaching платформасындағы викторина орындалып, тақырып бойынша шағын пікір жазылды. Сабақ соңында білім алушылар Curipod платформасы арқылы рефлексия жасап, сабақтан алған әсерлері мен негізгі тұжырымдарын білдірді. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау дескрипторлар негізінде жүргізілді. Сабақ мақсатына қол жеткізіліп, Абайдың он жетінші қара сөзіндегі ақыл, қайрат, жүрек ұғымдарының бірлігі арқылы еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылықтары бекітілді.