«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Арал индустриалды-техникалық колледжінде «Графика және жобалау» пәнінен «Екі және үш жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ «Автомобиль-жөндеу слесарі» мамандығының №146 тобында 29 қазан күні ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларға заттардың екі және үш жазықтықтағы проекцияларын орындау ережелерін түсіндіру, техникалық сызбаларды оқу және сызу дағдыларын қалыптастыру, кеңістіктік ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында білім алушылар түрлі тапсырмалар орындап, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Практикалық жұмыстар арқылы техникалық графика саласындағы білімдері мен кәсіби дағдыларын жетілдірді. Осындай сабақтар білім алушылардың шығармашылық ізденісін арттырып, болашақ маман ретінде кәсіби қалыптасуына жол ашады.
Білім – болашақ маманның басты құралы, ал білік – кәсіби шеберліктің бастауы!
Ашық сабақты өткізген: Ж. К. Кыркабакова – «Графика және жобалау» пәнінің оқытушысы.