2026–2027 оқу жылының 19–23 қазан аралығында «Дене тәрбиесі» және «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Отанды қорғау – қасиетті борыш, спорт жеңіске бастар жол» атты апталық аясында «Болашақ сарбаздың дайындығы: әскери қызмет және дене шынықтыру» тақырыбында саяхат-экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында білім алушылар 10216 «Ж» әскери бөліміне және спорт мектебіне саяхат жасап, әскери қызметтің ерекшеліктерімен, әскери бөлімнің күнделікті өмірімен, сарбаздардың қызметтік міндеттерімен және әскери тәртіп талаптарымен танысты. Сонымен қатар спорт мектебінде спорттық дайындықтың маңыздылығы, дене шынықтырудың адам денсаулығы мен әскери қызметке дайындығындағы рөлі туралы мәліметтер алды.
Экскурсияның мақсаты:
Білім алушыларға әскери қызмет туралы түсінік қалыптастыру, Отан қорғауға деген патриоттық сезімдерін арттыру, әскери мамандыққа қызығушылықтарын ояту, тәртіптілік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар дене шынықтыру мен спорттың салауатты өмір салтындағы және болашақ сарбаздың дене дайындығын қалыптастырудағы маңызын түсіндіру.
Экскурсия барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери қызмет пен спорттық дайындыққа қатысты қажетті ақпараттар алды. Іс-шара оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтып, белсенді өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

