«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Адал еңбек – жарқын болашақтың негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді №144 топ білім алушыларымен топ жетекші Ж. Кыркабакова «Адал еңбек – жарқын болашақтың негізі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, негізгі құндылықтар ретінде еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік бағыттары негізге алынды. Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушыларға адал еңбек, еңбекқорлық, жауапкершілік және кәсіби біліктілік ұғымдарының маңызын түсіндіру, өз мамандығына жауапкершілікпен қарауға және кәсіби дамуға ұмтылуға тәрбиелеу. Алғашқы кезеңде «Жақсы қасиет» психологиялық жаттығуы ұйымдастырылып, білім алушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерін атап өтті. Талқылау барысында білім алушыларға «Адал еңбек дегенді қалай түсінесің?», «Еңбекқор адам қандай болады?», «Неліктен маман өз білімін үнемі жетілдіруі керек?», «Жауапкершілік пен кәсіби біліктіліктің арасында қандай айырмашылық бар?» деген сұрақтар қойылды. Әр білім алушы өз пікірін білдіріп, болашақ мамандығымен байланыстыра отырып жауап берді. Тәрбие сағатының практикалық бөлімінде білім алушылар берілген тапсырмаларды орындап, адал еңбек пен кәсіби жетістіктің өзара байланысы қарастырылды. Сонымен қатар тәрбие сағаты барысында «Кибербуллинг және кибергруминг» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Білім алушыларға интернет кеңістігіндегі қауіптердің түрлері, кибербуллингтен қорғану жолдары, жеке ақпаратты қорғау және интернетті қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді. Тақырыпқа байланысты нейрогимнастика өткізіліп, білім алушылар өз әсерлерімен бөлісті. Тәрбие сағаты барысында білім алушылар «Адал еңбек – жарқын болашақтың негізі» қағидасының мәнін түсініп, өз еңбегінің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау, кәсіби шеберлігін арттыру және қоғам дамуына өз үлесін қосу қажеттігін ұғынды